Тәрбиеші: Құрметті қонақтар ! Бүгін «Алтын сақа» тобының балары дайындаған «Күз береке , молшылық» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ертеңгілігіміздің ашу үшін балабақша меңгерушісі Анар апайға сөз береміз.
Армысыздар халайық
Бармысыздар , халайық
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып беріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
(Музыка әуенімен залға күз кіреді)
Күз : Алтын түске боялды
Тау мен қырға дала түз
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз!
Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз! Төрлет.
Күз:Сәлеметсіңдерме балалар , ия мен Алтын күзбін.
Қараңдаршы айналаның бәрін алтын түске бояпта қойдым.
Хор : Күзгі жапырақтар
Жүргізуші : Күз , сізді неге жомарт күз деп атайды?
Күз : Ия мен жомартпын
Мереке басы ән болар
Береке басы дән болар деп дана халқымыз бекер айтпаған .
Мен көктемде еккен мол астықты жинап қамбаларға толтырдым.
Маған кімдердің көмектескенін мына қонақтар айтып бесін.
(Күй әуенімен Жер ана,Дихан ата немересімен кіреді)
Жер ана: Той құтты болсын, дастархан мол болсын, молшылық , береке болсын!
Жүр : Уа, халайық
Алыс жерден келіпті,
Бізге сәлем бергелі
Күзгі тойды көргелі
Олай болса , сөз кезегін Жер ана мен Дихан атаға берейік .
Жер ана : Жер анамын копті көрген көнемін
Ғасырлардың сақтап қалған дерегін
Кімдер мені мәпелесе мейіріммен
Соған ғана байлығымды беремін.
Дихан ата: Осы болды қалаға жеткенім
Сендерге айтар аманатым көп менің
Қаладағы өркендерім ешқашан
Ұмытпаңдар балалардың кетпенін
Қане немере қызым күзгі тойға жиылған мына халықты биылғы жылғы астықтың нанынан ауыз тигізейік.
Жүргізуші: Рахмет дихан ата ! Биылғы жылғы нанымыз көп болсын деп тілейік.Әумин.
Би : Диханшылар биі. Мадияр,Ерболат,Нұрай,Сабина.
Ән:
Жүргізуші: Күз енді сіз бізге , жемісті күз аталуыңыздың себебін айтып түсіндіріңізші?
Күз : Балалар сендер үшін жеміс жидекті, көкөністерді қамбаларға толтырдым, сондықтан мені жемісті күз деп те атайды.
Қане менің балаларым өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Жүргізуші: Ал кім жемістер туралы тақпақ айтады?
Мен өрікпін өрікпін
Табиғатқа көрікпін Нұрай
Мен алмұртпын , алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. Алуа
Мен жүзіммін , жүзіммін
Моншақ болып түзідім Сәбина
Ән : «Күз ырғағы»
Би : көкөністер биі
(Балалар билеп болған соң , қоян келеді)
Жүргізуші: Ой, балалар, бізге құонақ келе жатыр
Қоян : Сәлеметсіздер ме , балалар !
Маған кірпі досым мына себет толы өнімді сыйға берді . Ішіндегі сәбізді, картопты, қызылшаны білемін , ал қалғандары не екенін білмеймін , соны маған таныстырып беріңдерші.
Жүргізуші: Балалар , мына себеттегі көкөністер мен жемістерді атап берелік !
Мынау не ?
Балалар : Алма, алмұрт, жуа , қияр, қызанақ
Қоян: Балалар сендер бәрінде біледі екенсіңдер , енді ойын ойнайық.
Ойын: Жемісті жинау
Жүргізуші: Рахмет қоян. Енді балалардың дайындаған ертегісін тамашалаңыз .
Автор: Көрінеді шалғайдан
Бел белестер сарғайған
Сары жапырақ төгілген
Орманды да көрдім мен
(Осы кезде орманда құмырсқа келе жатады. Сол кезде аспан бұлттанып , жаңбыр жауады. Құмырсқа жорғалап барып , саңырауқұлақтың астына жасырынады.)
Саңырауқұлақ : Кел құмырсқа менің қасыма тығыл , үстің су болар .
Автор : Жаңбыр жауа береді. Шалғынға көбелек келеді.
Саңырауқұлақ: Кел көбелек сағанда орын бар.
Автор : Жаңбырда қанатты су болып ұша алмаған соң ара да саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келді.
Саңырауқұлақ :
Автор : Сол кезде торғай ұшып келеді.
Саңырауқұлақ : Тұра ғой , қосыл сенде жасырамыз осында .
Автор :
Міне жаңбырда басылды
Аспан шайдай ашылды
Бір біріне қарасты
Таңдана былай таласты
Құмырсқа : Біз бәріміз қалайша бір саңырауқұлақтың астына сиып кеттік.
Ара : Өйткені біз доспыз
Саңырауқұлақ : Әрине бәрің доссыңдар . Қане бәріміз билейік .
Автор: Осылайша бір саңырауқұлақтың астына жиналған орманның кішкентай иелері бір бірімен жақын дос болп кетіпті.
Би : Саңырауқұлақтар биі,Ақнұр , Альвина, Мұқаш, Мадияр.
Ән : Бііздің бала бақшамыз.
Капуста мен қияр ертегісін тамашалаңыздар
(Бір күні бақшада қияр мен капуста ұйықтап жатады. Қияр ұйқысынан оянып капустаны оятады.)
Қияр: Капуста тұр , күн ыстық екен , көлге шомылып қайтайық.
Капуста : Жарайды , шомылсақ , шомылайық
(Сөйтіп екеуі көлге шомылуға келеді . қияр шешініп суға түседі, ал капуста болса қырыққабат киімін шешіп тұра береді.)
Қияр: Кеш болса батты , тез суға түссеңші, тоңып қалдым.
Капуста : қазір түсемін , күте тұр .
(Осылайша түн болады)
Қияр : Ой , тонғаннан үстіме бүршік шғып кетті , капуста енді семен дос болмаймын .
(Қияр кетіп қалады)
Капуста: Маған неге ренжіді , менің киімім көп болғанына кінәлімін бе?
Түсінбедім
Хор: «Күз ырғағы» әні